Алматы

Алматыда дәретханадан табылған шақалақтың жағдайы ауыр – Денсаулық сақтау басқармасы

Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр

Алматының Түрксіб ауданында тұратын 17 жастағы қыз түсік тастап, ауруханаға түскен болатын. Ал дәретханадан табылған сәбиді полиция қызметкерлері алып шыққанмен, қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«25.08.2022 ж. сағат 01:42-де жедел медициналық жәрдем бригадасымен С. есімді 17 жастағы науқас №4 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Гинеколог тексеріп болған соң зертханалық және аспаптық зерттеулерден кейін 21-22 апта ішінде толық емес ауруханадан тыс түсік диагнозы қойылды. Науқас №4 Қалалық клиникалық ауруханасына гинекология бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі уақытта жағдайы орташа ауырлықта, тұрақты», — деп мәлімдеді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал шақалақ ауруханаға анасынан кейін 5 сағаттан соң бір-ақ жеткізілген. Қатты тоңып қалғандықтан жағдайы қазір ауыр екені белгілі болды.

«25.08.2022 ж. таңғы сағат 06:53-те жәрдем медициналық жедел бригадасымен Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жаңа туған бала жеткізілді. Жаңа туған шақалақ орталықтың реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Қазіргі таңда гипотермияға байланысты баланың жағдайы өте ауыр. Реанимация бөлімшесінде қарқынды терапия алып жатыр», — деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, шақалақты жер үйдің сырттағы дәретханасынан алып шыққан екі полицейдің біріне майор шені берілсе, тағы бір сақшыға 3 жалақы мөлшерінде сыйақы берілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша 17 жастағы қыздың жүкті екенін анасы білмеген.

 

Другие новости

Back to top button