Алматы

Алматыда бүгіннен бастап 60 жаңа автобус жолға шықты

Алматыда бүгінен бастап №38, 38а және №37 маршруттарына 18 метрлік 60 автобус қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әкімдігі мәлім еткендей, бұған дейін жылжымалы автобустардың жетіспеушілігіне байланысты бұл бағыттардағы қозғалыс аралығы 40 минутқа дейін жеткен.

Автобустарды жаңарту арқасында қарбалас уақытта жүріс жиілігі 6-7 минутқа дейін азаяды.

Айта кету керек, босатылған автобустар №201 маршруттың жылжымалы құрамын ауыстырады.

Осылайша №201 маршрутта 24 автобус қызмет көрсетеді.

Осыған дейін бұл маршрутта қозғалыс аралығы 15 минутқа дейін еді, жаңа автобустардың арқасында қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін азаяды.

Айта кетейік, мегаполисте биыл коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алып отыр.

100 автобус қалаға келді және құжаттарының ресімделуіне қарай желіге шығып жатыр.

Қалған автобустарды жыл соңына дейін қалаға жеткізу жоспарланған.

Другие новости

Back to top button