Алматы

Алматыда 320 тонна химиялық реактив сақталған қоймадан заңбұзушылықтар анықталды

Өрескел заңбұзушылық «Дәрмек» арнайы іс-шарасы барысында анықталды

Алматыда 320 тоннадан астам химиялық реактив сақталған қоймаларда қауіпсіздік ережелері өрескел бұзылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полциия департаментінің мәліметінше, аталған өрескел заңбұзушылық «Дәрмек» арнайы іс-шарасы барысында анықталды.

«Химиялық реагенттердің алуан түрі сақталған ЖШС қоймаларына тексеру ұйымдастырылды.  Нәтижесінде техникалық талаптарға сәйкессіздік анықталды. Кәсіпорын қоймасында күзет дабылы орнатылмаған, терезелерде тор және шұғыл қоғырауға арналған телефондар болмаған. Сонымен қатар ацетон, диэтил спирті, калий перманганаты, тұз қышқылы, күкірт қышқылы сияқты прекурсорлардың айналымы шектелді.  Айналымға шектеу қойылған прекурсорлардың жалпы саны 322 тонна 4 килограм екені анықталды.  Іс жүзінде аудандық полиция бөлімінде іс қозғалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданатын болады», — деді, Алматы қалалық ПД  Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Әлмағамбетов.

Еске салайық, Алматыда республикалық ауқымды «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасының үшінші кезеңі аяқталды, оның аясында қаладағы дәріханалар, емханалар, медициналық мекемелер, биохимиялық препараттар айналымына қатысты ұйымдар тексеріледі.

 

Другие новости

Back to top button