Алматы

Алматы тұрғындары мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам қарыз болып қалды

100 мыңнан астам алматылық көлік салығын әлі төлемеген

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті төлем мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, 105 мың тұрғынның 1,5 млрд теңгеден астам көлік салығын төлемегенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық МКД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 сәуірде меншік құқығында көлік құралдары бар жеке тұлғалардан 2022 жылға арналған көлік құралдарына салық төлеу мерзімі аяқталады.

«Алматы қаласы бойынша 441 221 жеке тұлғаның меншік құқығында 709 944 көлік құралы бар, олар бойынша 2022 жылға 16,6 млрд теңге салық есептелген. 2021 жылмен салыстырғанда көлік құралдарының саны 108 124 автомобильге немесе тиісінше 18%-ға, салық базасы 2,2 млрд теңгеге өсті», — делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, салық төлеу мерзімі өткеннен кейін көлік салығын төлемеген адамдарға мынадай шаралар қолданылатынын білу маңызды:

  • мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі;
  • салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына «салық бұйрықтарын» жібереді, оның негізінде мүлікке және банк шоттарына тыйым салынады, шетелге шығу шектеледі;
  • сонымен қатар қарыз сомасының 25 пайызын құрайтын сот шығындары қарастырылған.

«Жоғарыда аталған шараларды болдырмау үшін төлем мерзімі аяқталғанға дейін жеке тұлғаларды көлік құралдарына салынатын салықты төлеуге шақырамыз. Салық сомасын «е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы калькулятордың көмегімен немесе Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында (www.kgd.kz) дербес есептеуге болады , толығырақ 1414/3 нөмірі бойынша біле аласыз», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button