Алматы
Алматы полициясы терезеден оқ атқан адамды іздеп жатыр

Тапаншаны оқтап, далаға қарай оқ атқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп жатыр.
«Оқиғаға қатысы бар адам міндетті түрде анықталып, Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады», — деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.