Алматы

Алматы полицейлері есірткіге масайған күйде көлік тізгіндеген Төреғали Төреәліні ұстады

Ол тәртіпке бағынбай, сақшыларды әбден әбігерге салған

Әлеуметтік желіде әнші Төреғали Төреәлінің мас күйінде ұсталған видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 

Алматы қалалық ПД бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

Алматы қалалық ПД 14 маусым Майлин көшесінің бойында, солтүстік бағытта, жергілікті полиция қызметінің мамандандырылған батальонының экипажы 1992 жылы туған А. есімді азаматтың басқаруындағы Lexus автокөлігін тоқтатқанын хабарлайды.

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды», — делінген хабарламада.

Құқық бұзушының жолы бұғатталды. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық тексеруге алып барды. Сараптама нәтижесінде А. есімді азаматтың есірткіге мас екендігі белгілі болды.

«ҚР ӘҚбК-нің 608 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 613 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 599 бабы 1 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 596 бабы 3 бөлігі, ҚР ӘҚбК-нің 600 бабы 1 бөлігі және ҚР ӘҚбК-нің 230 бабы 2 бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды», — деп хабарлады Алматы қалалық ПД.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Өндіріс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

Другие новости

Back to top button