Алматинская область

Алматы облысындағы әкімдік бір топ қызметкерін түрмеге жіберді

Алматы облысы әкімдігі қызметкерлерін түрмеге жіберді. Отызға жуық шенеунік Заречныйдағы ЛА 155/12 түзеу мекемесінің қабырғасында болды, деп хабарлайды Экспресс К

Мұндай ерекше экскурсияны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өкілдері ұйымдастырған. Мақсат — мемлекеттік қызметтегі шенеуніктерге түрме ауыртпашылығын көрсету, қылмысқа бармауына түрткі болу. Әсіресе сыбайлас жемқорлықтың салдары қалай болатынын түсіндіру көзделген.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оларды «қамаудағылар әлеміне батыру» мақсаты көзделді. Осылайша шенеуніктердің санасын өзгертіп, жемқорлыққа жол бермеуіне себеп болуға тырысып отырмыз,

— дейді агенттік қызметкері Таймерденов.

Алматы облысындағы бір топ әкімдік қызметкерін түр
Алматы облысындағы бір топ әкімдік қызметкерін түрмеге жіберді

Шара соңында қапас ішін көзбен көріп шыққан шенеуніктер қатты қорқып қалғанын мойындаған. Жалпы өңірде соңғы 11 ай ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысымен 106 іс тіркелсе, соның 68-і мемлекеттік қызметкерлерге қатысты.

 

Другие новости

Back to top button