Алматинская область

Алматы облысында көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылды

Оқиғадан зардап шеккен бір адам аудандық ауруханаға жеткізілді

Алматы облысына қарасты Ақтасты ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйде газ пеші жарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhyоблыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«23 қаңтарда сағат 19.30-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімшесінің пультіне Талғар ауданы Ақтасты ауылында көпқабатты тұрғын үйде газ пешінің жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу тиісті күштер жіберілді.

Шақыру орнына жеткенде көпқабатты үйдің төртінші қабатының балконында газ жабдығының (газ пешінің) дұрыс жұмыс істемеуінен 0,5 шаршы метр аумақта газ-ауа қоспасы жарылғаны анықталды», — делінген хабарламада.

Газ пешінің жарылуы салдарынан бір азаматтың қолын екінші дәрежелі күйік шалып, Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды.

Шақыру орнына бес қызметкер мен екі бірлік ТЖД техникасы, жедел жәрдем бригадасының бес қызметкер мен автокөлігі жұмылдырылды.

Жарылудың алдын ала себебі — газ пешінің дұрыс жұмыс істемеуі.

Алматы облысының ТЖД газ жабдықтарын пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.

Другие новости

Back to top button