Алматинская область

Алматы облысында жас қызды ұрлап әкетіп, бірнеше күн бойы қорлап-зорлаған

Қазақстандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі жас қызды ұрлап әкетіп,бірнеше күн қорлап-зорлағандардың жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Алматы облысында 9 қаңтарда үйлену мақсатында жас қызды оның келісімінсіз алып қашып кеткен. Бойжеткен 28 қаңтарда қашып шыққан. Сол күнге дейін таяқ деп, зорланған, қорланған. 29 қаңтарда қыз анасымен бірге полицияға арыз жазады. Алайда сол күйі оған сараптама тағайындалмаған. Бұл оқиғада бірнеше қылмыс: адам ұрлау, заңсыз ұстау, зорлау әрекеттері бар. Қыз небәрі 21 жаста. Ол полиция қашан сараптамаға жібереді деп әлі жуынбай күтіп отыр! Бұл нағыз қорлық!» — деп жазды қоғам белсендісі Facebook парақшасында.

Аталған жазбаға орай Алматы облысының Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов түсініктеме берді.

«Жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс туралы арыз Ұйғыр ауданы бойыншасотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу басталды. Қазіргі уақытта Ұйғыр ауданы тергеушісінің ұйғарымының негізінде Талғар аудандық ПБ жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», — деді Бауыржан Әленов.

Ол тергеу барысын өз бақылауына алғанын баса айтты
.

Другие новости

Back to top button