Алматинская область

Алматы облысында браконьерлер инспектор мен қорықшыны суға батырмақ болған

Браконьерлер Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мемлекеттік инспекторын мен қорықшыны суға батырып кетпек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 сәуірде Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының Төменгі Іле балық инспекциясының мемлекеттік инспекторы «Майтан» ЖШС қорықшысымен Іле өзенінде бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде тыйым салынған құралдарды (электр тогын) қолдана отырып заңсыз балық аулау дерегін анықтаған.

«Үш моторлы қайықта 6 заң бұзушы браконьерлікпен айналысқан. Браконьерлерді ұстамақ болған кезде олар табиғат пайдаланушының жүзу көлігін суға батыруға әрекет жасап, артынша оқиға орнынан қашып кеткен», — делінген хабарламада.

Бұл жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабында көзделген құқықбұзушылықтың құрамы, яғни мемлекеттік инспектор мен қорықшының қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың өміріне қолсұғушылық дерегі тіркелген.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Осы бапқа сәйкес жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор мен қорықшыға қатысты олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде қасақана іс-әрекеттері үшін кінәлілердің мүлкі тәркілене отырып 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Сонымен қатар балық ресурстарын және басқа да су жануарларын заңсыз өндіргені үшін ҚР ҚК-нің 335-бабымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік белгіленді.

«Осыған байланысты Алматы облысы Балқаш ауданының полиция бөліміне 2023 жылғы 6 сәуірде ұстау кезінде қарсылық көрсету, қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарға шабуыл жасау және заңсыз балық аулау фактілері бойынша іс жүргізу шешімін қабылдау үшін өтініш берілді», — делінген хабарламада.

Бұл мәселе ҚР ЭТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауына алынды.

Другие новости

Back to top button