Алматы

Алматы мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды

Бүгін 23 қаңтарда Алматы мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Бұл туралы Алматы қаласының Білім басқармасы хабарлады.

 

Ал балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

«Құрметті ата-аналар! Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу — ата-аналардың қалауы бойынша”, – деп мәлімдеді білім басқармасы.

Бұған дейін Алматыдағы барлық мектептер мен балабақшаларда тұрғындарды қабылдау пункттері ашылғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ Алматы қаласында байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Другие новости

Back to top button