Алматы

Алматы жолдарынан алынған сынаманың 33%-ы нормаға сай емес

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы филиалының мамандары 2023 жылы көше-жол желісінтексеру бойынша 447 рет жолға шыққан. Алматы әкіміЕрболат Досаевтың 2023 жылдың басындағы “қала көшежелілері мен автомобиль жолдарының сапасын барыншатексеру қажет” деген ұсынысы бойынша ауқымды жұмысатқарылды.

Өткен бір жыл ішінде Алматы жолдарынан 1432 сынамаалынып, зертханада тексерілді.  Соның 437-сі (33%) нормаға сай болмай шықты. Анықталған сәйкессіздіктердің123 жойылмады, ал 75-сі қайта қалыпқа келтірілуде. Алматы қаласындағы жол сапасын бақылаушы мекеменің басшысы Мәулен Әліпов 2023 жылы жоспарланған жұмысты 100 пайыз орындадық дейді.

«2023 жылы Алматыда алғаш рет қала көшелерін ағымдағы жөндеу бойынша бөлінген бюджет аудан әкімдіктеріне берілді. Біздің орталық жол сапасын бақылау үшін Алматының әр ауданымен жеке-жеке келісімшартқа отырдық. Алмалы ауданынан бөлек 7 ауданныңәкімдіктерімен келісімшарт негізінде біздің мамандар көше желілеріне 155 мәрте тексеруге шықты. Ағымдағы жөндеу барысында жолдардан 145 сынама алынды. Оның ішінде 26 (17.93%) сынама нормалар мен талаптарғасәйкес келмеді. Ол сынама үлгілер су сіңіргіштік, тығыздық сияқты сынақтардан өтпеді» — дейді мекеме директоры.

Жоғарыда аталған тексерістер нәтижесіндегі23 бұзушылықтар жойылған жоқ, ал 22-сі қалпына келтірілуде екен. Жалпы 2023 жылдың басынан бастап Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Алматы филиалы анықталған сәйкессіздіктер туралы тиісті органдарға 5 хат жолдады. Оның 4-еуі орташа жол жөндеу, 1-еуі ағымдағыжол жөндеу бойынша. Сонымен қатар, жыл басынан беріАлматы қаласында жол сапасын бақылау нәтижесіндемердігер мекемелер 14 мың шаршы метр аумаққа қайтажөндеу жұмыстарын жасады. Жалпы сома — 180 миллион теңге.

Другие новости

Back to top button