Алматы

«Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы бойынша өтініш беру 15 мамырда басталады

Алматы жастарына арналған «Алматы жастары» қалалық жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы 15 мамыр іске қосылады. Бағдарлама аясында 1100 жас отбасына жеке тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, несиенің ең жоғары сомасы 18 миллион теңгеге дейін өзгеріссіз қалады.

  • Бюджет – 20 млрд. теңгеге дейін;
  • Қарыздың ең жоғары сомасы – 18 млн. теңгеге дейін;
  • Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
  • Бастапқы жарна – 10%;
  • Қамту — 1100 адамнан кем емес.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады.

Еске салайық, 2022 жылы «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында мың адамға ипотекалық несие беру үшін 18 млрд теңге бөлінген болатын.

Айта кетейік, «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қалада тұрақты тіркелу міндетті емес.

 

Другие новости

Back to top button