Алматы ауруханасында ВИЧ жұқтыру дерегі: Бас дәрігер жұмысынан шеттетілді
Алматыдағы ВИЧ анықталған аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетілді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметековтің мәлімдеуінше тергеу қорытындысына сәйкес Орталық қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсету алгоритмі сақталған. Алайда инфекция жұқтыру дерегі адами фактормен байланысты. Атап айтсақ орта медқызметкерлер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзған.
«Қазіргі таңда ВИЧ анықталған 3 науқас ЖИТС орталығының диспансерлік тіркеуіне алынды. Антиретровирустық препараттармен қамтамасыз етілді. Қажетті медициналық және психологиялық көмек жергілікті бюджет есебінен көрсетілуде. Болған жағдайға байланысты, сонымен қатар Еңбек кодексінің 48-бабы 2-бөлігі бойынша қалалық аурухананың бас дәрігері Табынбаев Н.Б. жұмысынан шеттетілді», – деді ол.
Бұдан бөлек бас дәрігердің эпидемиология бойынша орынбасары, жансақтау бөлімінің меңгерушісі, бас медбике мен жансақтау бөлімінің аға медбикесі жұмыстан шығарылды.