Госорганы

«Алматы-2 – Петропавл»: Тальго пойызы бір аптаға тоқтатылады

Сол сияқты «Астана – Шымкент» қатынасындағы жолаушылар пойызы 1 рейске тоқтайды

Тальго жолаушылар пойызының Алматы-2 – Петропавл бағытында жүруі бір аптаға тоқтатылады. Бұл туралы Azattyq Ruhy«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық тасымалдаушы «Алматы-2 – Петропавл қатынасындағы №105 Тальго жолаушылар пойызының жүрісін келесідей даталар бойынша тоқтатады:

  • Осы жылдың 8, 10, 12, 14 желтоқсанында Алматыдан жөнелту арқылы,
  • Петропавлдан 9, 11, 13, 15 желтоқсанда келу/жөнелту.

Жолаушыларға билет құны толық қайтарылады.

Сол сияқты «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана – Шымкент» қатынасындағы Тальго вагондарымен жасақталған №86/85 жолаушылар пойызының жүруін 1 рейске тоқтатады. Тоқтатылатын рейстер:

  • 2022 жылғы 8 желтоқсанда Астанадан,
  • Шымкенттен осы жылдың 9 желтоқсаны.

«Тоқтатылған пойыздың орнына стандартты вагондардан тұратын №511/512 бір реттік пойызы тағайындалады.

Жол жүруден бас тартқан жолаушыларға жол жүру құнын толық қайтару жүргізіледі. Стандартты вагондардан тұратын пойызда сапарлаған жолаушыларға жол жүру құнының айырмасы төленетін болады.Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button