Социум

Алжир билігі Израильге соғыс жариялауға дайын екенін хабарлады

Алжир парламенті ел президенті Абделмаджид Теббунге Израильге соғыс жариялау құқығын беру бастамасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі albawaba.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін түстен кейін Алжир президенті халыққа үндеу жасайды деп күтілуде. Бірқатар араб қоғамдық беттерінде Алжир ұлттық халық армиясы қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне қойылғаны туралы ақпарат бар. Бұл 200 мыңнан астам әскери қызметкер мен 185 Т-90С танкі. Израильден Ливия мен Мысыр территориясымен бөлінгендіктен, елдің әскери операцияларды қалай жоспарлап отырғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Йемендегі «Ансар Алла» хуситтер тобының өкілі Яхья Сариа Израильге ресми түрде соғыс жариялап, Палестина халқын қолдауға бағытталған әскери операцияның басталғанын мәлімдеген еді.

Другие новости

Back to top button