Социум

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін

Еліміздің батысында ғана жауын шашынсыз жылы ауа райы сақталады

«Қазгиромет» РМК қызметкерлері 28-30 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.

«Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі», — делінген метеорологтар хабарламасында.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады, температуралық фонда елеулі өзгерістер болмайды.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылы, таулы аудандарда 8-13 жылы болып, біртіндеп төмендейді.

Другие новости

Back to top button