Социум

Алдағы күндері елімізде 45 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

Синоптиктер 13-15 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері елдің шығысында, 13 шілдеде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, Қазақстанның орталығында 45°С-қа дейін аптап ыстық болады.

Республика бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

«Күндіз ауа температурасы солтүстікте және орталықта +30°С-қа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +30+37°С-қа дейін төмендейді, республиканың батысында негізгі фон +25+35°С болады», — дейді синоптиктер.

Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

«14-15 шілдеде солтүстік-батыста, 15 шілдеде еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн ашық болады», — делінген хабарламада.

Другие новости

Back to top button