Социум

Алдағы демалыс күндері елімізде 44 градусқа дейін ыстық болуы мүмкін

Тек кей өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы ыстық болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігіндегі ауа райы оңтүстік ағындар әсер ететін антициклон ықпалымен анықталады.

«Тек батыс облыстарда және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік аймақтарында жел күшейіп, шаңды дауыл соғады», — дейді синоптиктер.

Күндіз қатты ыстық сақталады. Оның ішінде:

  • республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде плюс 36-41°С дейін;
  • шығыста – 33-39°С дейін;
  • орталықта – 33-41 ° С дейін;
  • оңтүстікте – 37-44°С дейін;
  • оңтүстік-шығыста – 30-39 градусқа дейін ыстық болады.

Другие новости

Back to top button