Назначения и отставки

Айдарбек Сапаров СҚО әкімі болып тағайындалды

Ол 2019 жылдан бастап бүгінге дейін ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарған

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол осы күнге дейін ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметін атқарып келген еді. Облыстық мәслихат депутаттары Сапаровтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. 

Дауыс беру нәтижесі бойынша 153 депутаттың 118-і А.Сапаровтың кандидатурасына дауыс берді, 35-і Р.Аңбаевты таңдады.

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красное ауылында туған.

Білімі:

  • 1984 ж. – бухгалтерлік мектеп.
  • 1992 ж. – Омбы ауыл шаруашылығы институты зоотехника факультетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
  • 2006 ж — М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару факультетін  «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

  • 1984 ж. – кеңшар бухгалтері.
  • 1992-1995 жж. – Калинин атындағы ҚС таратушы зоотехнигі, коммерциялық директоры.
  • 1995-2003 жж. – «Ноғайбай» ЖШС директоры, бас директоры.
  • 2003-2005 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары.
  • 2005-2006 жж. – «Азық-түлік корпорациясы АҚ» Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары..
  • 2006 ж. – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық аймақтық басқармасының бастығы.
  • 2006-2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
  • 2008-2010 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының әкімі.
  • 2010-2011 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
  • 2001-2019 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 2019-2022 – Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

Мемлекеттік наградалары: «Кұрмет», «Парасат» ордендері.

Другие новости

Back to top button