Социум
Аяз, көктайғақ, бұрқасын: бүгінгі ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұрақсыз ауа райы сақталады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Еліміздің шығысында қатты қар жауып, бұрқасын болады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 9-14 м/с жетеді. Күндізгі температура -25 -27°C болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 2-7 м/с жетеді. Күндізгі температура +11 +13°C болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндізгі ауа температурасы +18 +20°C болады.