Социум

“Әдепсіз әйел”: Желіде келінін ұрып жатқан ененің видеосы жұртшылықтың жағасын ұстатты

Желіде келінін бас сала ұрып жатқан ененің видеосы жұртшылықтың жағасын ұстатты. Мұнда оның келінінің шашынан тартып, сүйрегені көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Кейбір парақшалар бұл оқиғаның Шымкентте орын алғанын жазған.

Желі қолданушылар мұны көріп сынап пікір қалдырды.

“Өз бетімен кетсін”, “Әдепсіз әйел”, “Менің әжем де келінінің қанын ішетін. Бірақ бұлай емес. Көзімен және сөзімен қорқытатын”, “Күйеуі видеоға түсіріп тұр ма?”

Болған оқиғаға байланысты Шымкент қаласының полиция департаментінен сұрап көрдік.

“Аталған дерекке қатысты қызметкерлермен тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, бейнежазбада көрсетілген жайт Шымкент қаласы аумағында орын алмағаны анықталды”, – деді ведомство.

Видеоны мына жерден көре аласыз!

Другие новости

Back to top button