Назначения и отставки

Абай және Ұлытау облыстарында ТЖД бастығы тағайындалды

Олардың кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді

Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен полковник Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісілді.

Манарбек Шапағатов 1975 жылдың 3 ақпанында бұрынғы Көкшетау облысының Еңбекшілдер ауданында туған. 1995 жылы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарады. Өз қызметін Көкшетау облысының Щучье ауданы мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда қызмет өткерді. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Ал жаңадан құрылған Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаментін полковник Есен Әлмұханбетұлы Байыров басқарады.

Есен Байыров 1974 жылдың 22 сәуірінде Жезқазған облысының Ақадыр ауданында дүниеге келген. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2011 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдады. Мамандығы өрт қауіпсіздік инженері.

Құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бастап қызмет етеді. Өз қызметін Астана қаласының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі № 19 өрт сөндіру бөлімінің кіші инспекторы лауазымынан бастады. Қызмет атқарған жылдары әртүрлі басшылық лауазымда болған. 2020 жылдан бастап ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Другие новости

Back to top button