Социум

TikTok жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалануға арналған жаңақұралдарды таныстырды

Қысқа бейнероликтерді жасауға және көруге арналған жетекші платформа TikTok қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа құралдарын таныстырды. Негізгі жаңартулардың қатарында «Отбасылық баптаулар» функциясының мүмкіндіктерін кеңейту, педагогтерге арналған арнайы нұсқаулықты іске қосу, сондай-ақ ЖИ көмегімен жасалған контентті тану және креаторларды олардың сыртқы келбетін келісімінсіз пайдаланудан қорғау технологияларын енгізу бар.

TikTok пайдаланушылардың платформада өздерін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне көмектесетін құралдарды дамытуды жалғастыруда. Ұсынылған жаңартулар отбасыларға жасөспірімдердің цифрлық әдеттерін жақсырақ түсінуге, ал пайдаланушылар мен контент авторларына генеративті жасанды интеллект технологияларының көмегімен жасалған материалдарды анықтау және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Жасөспірімдердің цифрлық белсенділігі туралы толығырақ ақпарат

TikTok ата-аналарға өз аккаунтын жасөспірімнің аккаунтымен байланыстырып, оның қауіпсіздігі мен құпиялылық параметрлерін басқаруға мүмкіндік беретін «Отбасылық баптаулар», функциясының жаңартылған нұсқасын таныстырды.

TikTok-тағы жасөспірімдер аккаунттарында құпиялылық баптаулары, жас ерекшеліктеріне сәйкес контентке қойылатын шектеулер және әдепкі бойынша күніне 60 минут болып белгіленген экран уақытын пайдалану лимиті сияқты кіріктірілген қорғаныс тетіктері бар. Жаңа жаңарту осы мүмкіндіктерді толықтырып, ата-аналарға жасөспірімдердің платформаны қалай пайдаланатыны туралы неғұрлым толық әрі көрнекі ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Жаңартылған интерфейс төрт негізгі бағытты қамтиды:

  • Экран уақыты. Енді ата-аналар «Отбасылық баптаулар» құралын пайдаланған кезде, ең алдымен жасөспірімнің TikTok платформасын орта есеппен қанша уақыт пайдаланатыны, түнгі уақыттағы белсенділігі және белгіленген шектеулер туралы ақпаратты көреді. Бұл деректер бұрын да қолжетімді болған, алайда соңғы жаңартулардың арқасында оларды байқау және қарау әлдеқайда ыңғайлы болды.
  • Өзара әрекеттесу. Ата-аналар жасөспірімнің жазылушылары мен өзі жазылған аккаунттар санының өзгеруін бақылай алады, ол өзара әрекеттесетін аккаунттарды және бұғаттаған профильдерді көре алады.
  • Қызығылушықтары. Платформа ата-аналарға жасөспірім жазылған креаторлардың бейнероликтер топтамасын көру мүмкіндігін ұсынды. Бұл олардың қандай тақырыптар мен қауымдастықтарға қызығушылық танытатынын жақсырақ түсінуге көмектеседі.
  • Жарияланымдар. Жаңа бөлім жасөспірімнің бір апта ішінде жариялаған ашық бейнероликтерін және олардың қаралым санын көруге мүмкіндік береді.

Бұл деректер күн сайын жаңартылып отырады. Сонымен қатар, ата-аналарға қолайлы болуы үшін жаңартылған «Отбасылық баптаулар» функциясы веб-браузер арқылы да қолжетімді болады.

TikTok жаңа мүмкіндіктерді әзірлеу кезінде ата-аналардың бақылау қажеттілігін ғана емес, отбасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын да ескерді. TikTok пен Qualtrics компаниялары жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткендей, жасөспірімдердің ата-аналары болып табылатын сауалнамаға қатысушылардың 70%-дан астамы балаларымен олардың цифрлық тәжірибесі туралы әңгіме бастауға көмектесетін құралдардың болғанын қалайды. Яғни, олар тек шектеулер қоюға мүмкіндік беретін құралдармен шектелгісі келмейді [1].

«Отбасылық баптаулар» функциясын одан әрі дамыту аясында TikTok жасөспірім суицид немесе өзіне зиян келтіру тақырыптарына қатысты материалдарды бірнеше рет іздеген жағдайда, ата-аналарға хабарлайтын ескертулер әзірлеу жұмыстарын да жүргізуде. Хабарламамен бірге ата-аналарға жасөспіріммен бұл жағдайды қалай әдеппен талқылауға және оған қолдау көрсетуге болатыны жөнінде ұсынымдар беріледі.

Ата-аналарға арналған құралдармен қатар, TikTok мұғалімдермен және жастар қауіпсіздігі саласындағы сарапшылармен бірлесіп әзірлеген педагогтерге арналған жаңа нұсқаулықты да таныстырды. Онда платформаның жұмысы, онлайн қауіпсіздік құралдары туралы ақпарат, сондай-ақ оқушылармен цифрлық әл-ауқат пен медиасауаттылық мәселелерін талқылауға арналған ұсынымдар қамтылған. Нұсқаулық TikTok қауіпсіздік орталығында жарияланады.

ЖИ көмегімен жасалған контентті анықтау құралдары

Сонымен қатар, платформа суреттің немесе бейненің TikTok-тың генеративті ЖИ функцияларының көмегімен жасалғанын не өңделгенін анықтауға мүмкіндік беретін құралды таныстырды. Оны TikTok-та аккаунты жоқ адамдар да пайдалана алады. Ол үшін материалды Ашықтық орталығы арқылы жүктеу жеткілікті.

Тексеру үшін контенттің шығу тегі туралы ақпаратты қамтитын цифрлық белгілер, сондай-ақ TikTok әзірлеген, материалдарды жүктеп алу немесе өңдеу кезінде жою қиын болатын көрінбейтін сутаңбалар қолданылады. Бұл ЖИ көмегімен жасалған контентті тіпті платформадан тыс таратылған жағдайда да анықтауға мүмкіндік береді.

TikTok ЖИ көмегімен жасалған контентті таңбалау технологияларын жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінгі таңда платформада ЖИ көмегімен жасалған 5 миллиардтан астам бейнероликке арнайы белгі қойылған.

Креаторларды қорғау және ЖИ сауаттылығын дамыту

TikTok сондай-ақ Likeness Detection құралының әлем бойынша кезең-кезеңімен енгізілетінін жариялады. Бұл құрал креаторлар мен қоғам қайраткерлеріне өздерінің сыртқы келбеті келісімінсіз пайдаланылған ЖИ көмегімен жасалған контентті анықтауға мүмкіндік береді.

Құралды қосу үшін TikTok-тың үшінші тарап серіктесі арқылы жеке басты растау рәсімінен өту қажет. Бұл ретте платформа пайдаланушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарын сақтамайды. Авторлар өздерінің сыртқы келбетін ықтимал пайдалану жағдайлары туралы хабарлама алып, анықталған материалдарды қарай алады және Қауымдыстық ережелерін бұзатын контентке шағым жібере алады.

Жаңа мүмкіндіктер TikTok-тың ЖИ сауаттылығын дамытуға бағытталған бастамаларын толықтырады. 2026 жылғы шілдеде платформа қосымша ішінде білім беру бөлімін іске қосты. Оған осы уақытқа дейін 4 миллионнан астам пайдаланушы кірген. Сонымен қатар, «Тақырыптарды басқару» функциясы ұсыныстар лентасында белгілі бір санаттағы бейнероликтердің, соның ішінде ЖИ көмегімен жасалған контенттің көрсетілу жиілігін реттеуге мүмкіндік береді.

Барлық ұсынылған жаңартулар TikTok-тың пайдаланушылар платформадағы өз тәжірибесін өз бетінше басқара алатын қауіпсіз цифрлық ортаны дамыту жөніндегі жұмысын жалғастырады.

Ескертпе:

  1. TikTok пен Qualtrics зерттеуі 2026 жылғы 11–14 тамыз аралығында АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Индонезия елдеріндегі 13–17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 2 000 ата-анасы арасында жүргізілді (әр елден 500 респонденттен).

 

 

Другие новости

Back to top button