Трамп 60 жыл бұрын жабылған ең қымбат түрмені қайтадан ашатын болды

Дональд Трамп жексенбі күні әлеуметтік желіге жазба жариялап, АҚШ-тың құрып бара жатқан кино киноиндустрияны құтқару үшін шетелдік фильмдерге 100 пайыздық баж салығын енгізетінін және Сан-Франциско шығанағындағы әйгілі Алькатрас түрмесін қайта ашатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алькатрас түрмесі 60 жылдан бері кино түсіру алаңына айналып, туристік нысан ретінде қызмет көрсетіп отыр.
Truth Social желісіндегі жазбасында Трамп өзге елдердің америкалық актерлар мен студияларды өздеріне тартып алып кетіп жатқанын айтады. Ол Сауда министрлігі мен АҚШ Сауда өкіліне барлық шетелдік фильмдерге дереу 100% баж салық енгізуге тапсырма берді.
Сарапшылардың сөзінше, АҚШ әлем бойынша кино өндірісінде көшбасшысы болғанымен, оның кассалық табысы азайып келе жатқаны рас.
Айта кетсек, Трамптың бұған дейін енгізген импорттық баж салығы америкалық киноиндустрияға кері әсерін тигізген. Мәселен, Қытай жауап ретінде өз елінде американдық фильмдерге берілетін квотаны қысқартты.
Трамп Қытайдан келетін импортқа 145% көлемінде шектеу баж салығын енгізсе, Қытай оған жауап ретінде америкалық өнімдерге 125% баж салған.
Тағы бір жазбасында Дональд Трамп 62 жыл бұрын жабылған әйгілі Алькатрас түрмесін қайта ашып, кеңейтуді жоспарлап отырғанын жариялады. Ол бұл түрмеде ең қауіпті қылмыскерлер ұсталып, мекеме «заң, тәртіп пен әділеттіліктің символына» айналатынын айтты.
Алькатрас алғашында теңіз бекінісі болған. ХХ ғасырдың басында ол әскери түрмеге айналып, 1930 жылдары АҚШ Әділет министрлігінің қарауына өткен. Мұнда атышулы гангстер Аль Капоне отырған.
Тұл түрмені ұстау тым қымбаттап кеткен соң 1963 жылы соң жабылған. Ресми деректерге сәйкес, Алькатрасты ұстау шығындары басқа түрмелермен салыстырғанда үш есе қымбат болған.
Кейін бұл жер танымал фильмдердің түсірілім алаңына, кейінірек туристік нысанға айналды.