Социум
Ыстамбұлда 6,2 баллдық күшті жер сілкінісі болды

Дүйсенбіде Силиври жағалауында (Ыстамбул маңы) 6,2 баллдық күшті жер сілкінісі болды. Бұл жайлы Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы (AFAD) мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ресми ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Мәрмәр теңізінің акваториясында болған. Жер сілкінісінің ошағы 6,92 км тереңдікте орналасқан.
Дүмпу тек Ыстамбулдың өзінде ғана емес, басқа провинцияларда – Бурса, Ялова, Текирдаг және бірқатар жақын аймақтарда да сезілді. Көптеген тұрғындар жер асты дүмпулерінен шошып, көшеге шыққан.
Қазір зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат нақтылануда. Түркіия билігі тыныштық пен AFAD хабарламаларын бақылауға шақырады.