Образование

Қазақстанда 66 мектеп лицензиясыз жұмыс істеген: ЖАП олардың тізімін жария етті

Жуырда орта білім саласындағы аудит қорытындысын жариялаған Жоғары аудиторлық палата елімізде 66 мектеп тиісті құжатсыз, яғни, лицензиясыз жұмыс істегенін жазған еді. Azattyq Rýhy. редакциясы палатаға кері ресми сауал жолдай отырып, бұл мектептердің қай өңірлерде орналасқанын және олар жабыла ма әлде жұмысын жалғастыра бере ме, соны анықтауға тырысты.

Дереккөзге сүйенсек, бұл 66 мектептің 31-і мемлекеттік болса, 35-сі – жекеменшік мектеп екен.

«Мемлекеттік аудит барысында «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті» ұсынған деректері негізінде 2024 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша  елде білім беру қызметін лицензиясыз жүзеге асыратын 66 мектеп жұмыс істеген, оның ішінде 31-і мемлекеттік және 35-і жеке меншік мектеп», — деп жауап берді ЖАП.

Бұл мектептердің ең көбі Астанада жұмыс істеген екен. Яғни, елордада 14 мектеп құжатсыз қызмет атқарған. Он үш мектеп Алматы облысында, тағы 11-і Түркістан облысында, сегізі —  Атырау облысында жұмыс істеген екен.

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстваларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 14 қарашадағы № 337 бұйрығына сәйкес білім беру қызметімен айналысуға лицензиялау оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің құзіретіне жатады», — деп жазған ЖАП бұл мектептердің жабылып-жабылмайтыны туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ал, бүгін Мәжіліс кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты көрген тілшіміз осы 66 мектептің неге лицензиясыз жұмыс істегенін сұрады. Министрдің айтуынша, Қазақстанда кез келген жаңа мектеп белгілі бір мерзім ішінде ғана лицензиясыз жұмыс істей алады. Кейін мемлекеттен рұқсат қағазын алып, заңды жолмен білім беруі керек. Оның үстіне, Бейсембаевтың өзі айтып тұрғандай, көбіне аймақтар бұл проблеманы жасырады екен.

«Қазір біз кез келген проблеманы жасырып емес, керісінше ашық көрсету қағидатын ұстанып келе жатырмыз. Лицензиясы жоқ мектептер — өңірлерде қордаланып қалған мәселе, яғни, жасырын болған проблема. Сондықтан,  аймақтар проблеманы тезірек қолға алып, түзету үшін осы тізімді жариялап оырмыз. Бұл 66 мектеп тек қана бір өңірде емес, бірнеше өңірдегі мектептер. Яғни, олар әтүрлі жағдайларға байланысты бірнеше жыл бойы лицензия алмаған. Негізі, бұндай мектептердің саны жүзден асқан. Бірақ, біздің қатаң бақылауымыз бен үлкен талаптың негізінде мектептер лицензия ала бастады. Бұл мәселеде нақты талаптар қойдық. Оқу жылының соңына дейін бұл мектептер толық лицензия алып бітуі керек. Яғни, ол мектептер жабылмайды, тек қана лицензия алып бітуі керек. Лицензиясыз жұмыс істеуге негізі қысқа мерзімге ғана уақыт беріледі. Сол мерзімнен аспаса, болды», — дейді оқу-ағарту министрі.

Другие новости

Back to top button