Алматы

Алматы колонияның бұрынғы бастығы ұсталды

Ақпаратты Ulysmedia.kz тілшісіне қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.

КОМИТЕТ НЕ ДЕЙДІ

Құзырлы органның хабарлауынша, аталған адам ұсталған сәтінде ішкі істер органдарының қызметкері болмаған.

Оған қатысты құзыретті органдар сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады және тергеу жүргізіп жатқан органдарға жан-жақты қолдау көрсетеді, – делінген хабарламада.

Мұның алдында Алматыда Түрксіб ауданы колониясын басқарған бұрынғы жоғары лауазымды күштік құрылым өкілі тергеуге алынғаны хабарланған еді. Ол минималды қауіпсіздік деңгейіндегі №13 түзету мекемесін басқарған.

Другие новости

Back to top button