Ғылым және техника

«Касперский зертханасы» интернеттегі қауіпсіздік бойынша тегін онлайн-курсын  іске қосты

Kaspersky Academy сайтында цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану және киберқылмыскерлерден қорғану туралы пайдалы материалдар жарияланды.

«Кибергигиена» атты ашық курс кең аудиторияға арналған және цифрлық қауіпсіздіктің негізгі аспектілерін қамтиды. Курс 16 қысқа бейнесабақтан тұрады, әрқайсысы 15-20 минут.

Бейнесабақтарда сарапшылар жеке деректерді қорғау, мессенджерлерді, электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді және басқа да қосымшаларды қауіпсіз пайдалану, интернет-дүкендерден қауіпсіз сауда жасау жолдары туралы айтады. Тыңдаушылар телефон алаяқтығын, фишингті және басқа да киберқауіптерді анықтауды үйренеді. Балалар үшін интернеттегі қауіптерге арналған бөлек сабақ қарастырылған.

Сарапшылар, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеру өте маңызды, себебі киберқауіптер үнемі өзгеріп отыратындығын ескертеді.  2024 жылы «Касперский зертханасының» шешімдері күніне орташа есеппен 467 мың жаңа зиянды файл анықтады — бұл 2023 жылмен салыстырғанда 14%-ға көп. Kaspersky Who Calls қолданбасының мәліметі бойынша, 2024 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстандағы пайдаланушылардың 72,4%-ы спам-қоңыраулар алған, ал олардың 52,1%-ы алаяқтарға тап болған.

Курс кез келген дайындық деңгейіндегі адамдарға қолайлы және АТ саласында арнайы білімді қажет етпейді. Тыңдаушылар сабақтарды өздеріне ыңғайлы қарқынмен қарай алады. Әр тақырыптың соңында есте сақтауға арналған ақпараттық жадынамалар және киберқауіпсіздік бойынша кеңестер беріледі. Сертификат алғысы келгендер үшін қорытынды тестілеу қарастырылған.

Курсты Kaspersky Academy сайтында тегін оқуға болады – тіркеу немесе жеке кабинет ашу қажет емес.

«Қазіргі заманда адамдарға киберқауіптерден қалай қорғану керектігі туралы қолжетімді ақпарат алу маңызды. Цифрлық сауаттылық деңгейі жоғары болған сайын, алаяқтардың әрекет етуі қиындайды. Сондықтан біз онлайн-курс жасап, онда смартфондар мен компьютерлерді зиянды бағдарламалардан қорғау, алаяқтықты анықтау, деректер мен ақшаны ұрлаудың алдын алу туралы сұрақтарға жауап беруді мақсат еттік. Бұл – „Касперский зертханасының“ қауіпсіз цифрлық әлем құру жолындағы кезекті қадамы», – дейді «Касперский зертханасының» ақпараттық қауіпсіздік бойынша оқыту бөлімінің жетекшісі Евгения Русских.

«Кибергигиена» онлайн-курсы және «Касперский зертханасының» басқа бастамалары туралы толығырақ ақпаратты Kaspersky Academy сайтынан білуге болады.

* Деректер 2024 жылдың қаңтар–қараша айларында Kaspersky Who calls қосымшасының анонимді статистикасы арқылы алынды.

Другие новости

Back to top button