Алматы
Алматыда екі баласымен курьер болып жүрген әйел сыйға алған баспанасын көрсетті (ВИДЕО)

Алматыда екі баласымен курьер болып жүрген әйел адамға кәсіпкерлердің бірі баспана сыйлаған. Ол жаңа үйін көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әйел адам баспанасының әр бөлмесін көрсетіп, өзі армандаған үйге қол жеткізгенін айтты. Мәліметтерге сүйенсек, күндіз тамақ пісіріп, дүкендерге сатып жүрсе, кешке жеткізу қызметінде курьер болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, осыған дейін «Алтын Орда» базарының маңайында тапсырыс тасып жүргені туралы хабарланған.
«Екі баламмен күнде осылай жұмыс істеймін. Үшеуіміз пәтер жалдап тұрамыз. Балаларымды үйде қарайтын ешкім жоқ. Алматыға Жетісайдан келдім. Бір баламды жетектеп, екіншісін арбасына салып, автобуспен осылай тапсырыс тасимын», — дейді видеодағы аты-жөні белгісіз әйел адам.