Социум

«Қолым кездейсоқ тиіп кеткен болар»: 70 жастағы педофил 9 жасар қызды зорламақ болды

Мәскеу көшелерінің бірінде оның балаға тиіскен сәті видеоға түсіп қалған. Егде жастағы ер адам оқушы қызды көріп, балмұздақ ұсынған. Оған көнбеген қыз үйіне қарай қашып еді айыпталушы оны кіреберісте қуып жетіп, жыныстық қатынасқа түсу үшін тиіскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Московский комсомолец» басылымына сілтеме жасап.

Жауап алу кезінде 70 жастағы қылмыскер қыздың жыныс мүшелеріне қол тигізгенін растады.

«Қуып жеткеннен кейін мен оны тоқтатып, оң қолыммен сөмкесін ұстап тұрдым. Ол қоңырау шала бастады, мен оны тоқтату үшін бір рет бастым. Сосын мен оған қол тигіздім. Бәрі кездейсоқ болған сияқты, қалай болғанын елестете де алмаймын. Сол қолыммен жыныс мүшесіне тиіп кеткен болармын. Ол айқайлай бастағаннан кейін аузын жабуға тура келді», — деді ер адам.

Абырой болғанда көршілері дер кезінде үйлерінен шығып, оқушыны аман алып қалды.  Қыз анасына бәрін айтып, полицияға хабарласқан.

Қарт педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Другие новости

Back to top button