Алматы

Шымбұлақта шетелдіктер төбелес шығарды (ВИДЕО)

Алматыдағы «Шымбұлақ» таулы курортында бір топ шетелдік қызметкерлермен төбелесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Шымбұлаққа» демалуға келген бір топ турист кассирдің жұмысына қанағаттанбай, оны балағаттап, ақыр соңында төбелес шығарған. «Шымбұлақ» әкімшілігінің түсіндіруінше, шетелдік қонақтардың картасында (ски-пасс) қаражат таусылып, оны толтыру үшін кассаға келген. Кассир осы жұмыс бойынша уақытша орынан кетіп қалады. Туристер кассирді күтіп тұрғанына ашуланып, ұрысып, балағаттай бастайды. Аз уақыттан соң кассир қайтып оралады да оларға қызмет көрсетуін жалғастырады. Бірақ туристердің бірі ашуын баса алмай, кассирге тиісіп, қорлап сөйлеуін тоқтатпайды. Қызметкер мен қонақтың арасында төбелес шығып кетеді. Сол жерде жүрген қызметкерлер оларды ажыратуға кіріседі. Турист ұлт араздық тудыратын сөздерді айтқан.

Оқиға орнына полиция шақырылған.

Төбелес шығарғандардың бәрі бөлімшеге жеткізілді. Қазіргі уақытта «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.

«Бұзақылық фактісі бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Осы қылмысты жасады деген күдікпен бес адам ұсталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады полициядан.

Другие новости

Back to top button