Павлодарская область

Павлодар облысында тұңғыш жаңа қазақ мектеп-лицейі ашылды

Павлодар қаласында Әлихан Бөкейхан атындағы жаңа мектеп шәкірттеріне есігін айқара ашты. «Сарыарқа» ықшам ауданында орналасқан мектептегі алғашқы қоңырау салтанатына облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл облысымызда екі жаңа мектеп салынды. Соның ішінде бұл мектептің орны бөлек. Себебі, тәуелсіздік жылдарында бой көтеріп, қазақ лицейі болып жаңадан салынған Павлодар қаласындағы тұңғыш мектеп. Баршаңызды осы сәтпен құттықтаймын! 650 орынға шақталған заманауи мектеп сапалы білім, өнегелі тәрбие беруге дайын. Құрметті оқушылар бұл мектепте озық оқушы атануға мүмкіндіктеріңіз зор, соған мен тілектеспін! – деп Pavlodarnews.kz Айзада Құрманованың сөзін келтіреді.

Жаңа мектепте, оқуға алғаш қадам басқан 164 1-сынып оқушысы бар. 1-сыныптардан алты сынып жасақталса, мектепте барлығы 849 бала екі ауысымда білім алады. Мектептің директоры Ләйлә Жүсіпова ұстаздар құрамына білікті, тәжірибелі мұғалімдер көп жиналғанын атап өтті.

Бүгін бөркімізді аспанға ататын күн. Қаламызда Әлихан Бөкейханов көсеміміздің есімі беріліп, мектеп-лицей ашылып жатыр. Оқушылар қабылдап болдық. Барлық сынып толық. Енді оқушылар көптеп қабылдай аламыз деп айта алмаймын. Одан бөлек, 68 мұғалімді конкурстық негізде қабылданды. Енді 1-2 ғана мұғалім керек. Бізге жақсы мұғалімдер келді. Арасында «зерттеуші» санатындағы мамандар өте көп, — деді Ләйлә Жүсіпова.

Айта кетейік, бұл мектеп тек мемлекеттік тілде білім береді. Сондай-ақ «лицей» мәртебесіне байланысты жаратылыстану-математика бағытында оқушыларға тереңдетіп білім береді.

 

Другие новости

Back to top button