«20 минут күттім»: Астаналық келіншек емізулі баласын оталып тұрған көліктің ішінде қалдырып кеткен
Астанада ер адам әлеуметтік желіге оталып тұрған көлікте ұйықтап жатқан нәрестенің қараусыз қалған видеосын жариялады. Анасы емізулі баласын көлікте қалдырып, ұзаққа кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жарияланған видеода ер адам есігі ашық қалған, оталып тұрған көліктің алдыңғы жолаушы орнында емізулі сәбидің ұйықтап жатқаны туралы айтты. Баланың жанында ересектерден ешкім болмаған. Анасы дүкенге кіріп кеткен екен.
“Көлікті жүк тиеу аймағына қойып кетіпті. Мен оны 20 минуттай күттім. Кейін қайтып келіп, болған жағдай үшін кешірім сұрады. Бірде қатты ашуланып «Менің балам, не қаласам соны істеймін” деді”, – деп жазды желі қолданушысы.
Ер адам оқиға орнына патрульдік полиция шақырған. Алайда олар келемін дегенше әйел көлікке мініп, кетіп қалған. Бірақ кейін әйелді тауып, онымен түсіндіру жұмысын жүргізген. Ол тәртіп сақшыларына бірнеше минутқа ғана кеткенін айтқан.
“Көлікті басқарған баланың анасы бірнеше минутқа дүкенге кеткенін айтты. Ол кезде үлкен қызы көлікте болған. Ол көліктің алдыңғы орнында ұйықтап жатқан балаға қарап отырған», – деп мәлімдеді полиция.