Социум

-40°C дейін суиды: алдағы күндері қақаған аяз түседі

Алдағы күндері кейбір өңірлерде минус 40 градусқа дейін аяз болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

23-24 ҚАҢТАР

Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендей түседі. 23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсер етіп, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қар қатты жауады. Ал қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады.

БҰРҚАСЫН, ЖЕЛ

Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып отыр.

ӨҢІРЛЕР БОЙЫНША

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.

Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейіп, қатты аяз болады.

Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус шамасында сақталады.

Другие новости

Back to top button