Социум

Оқушы балға және пышақпен қаруланып, мектепке басып кірген

Ресейдің Курск қаласында 16 жастағы жасөспірім мектепке балға, пышақтар және от тұтатуға арналған сұйықтықпен басып кірді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Новая газета» басылымына сілтеме жасап. 

Бұл туралы аймақ губернаторының міндетін атқарушы Александр Хинштейн Telegram-каналында хабарлады.

Аймақ басшысының айтуынша, оқиға шамамен таңғы сағат 8:00-де басталған. Панама мен балаклава киген жасөспірім қолына балға ұстап, мектеп ғимаратына кіріп, дәліздегі терезені және кіреберістегі әйнекті сындырған, содан кейін сыртқа қашып шыққан.

Қашып бара жатып, кіреберісте сөмкесін тастап кеткен. Оның ішінде екі пышақ пен тұтатқыш сұйықтық құйылған бөтелке болған. Бұл бар-жоғы екі минуттың ішінде болған оқиға, — деді Хинштейн.

ОҚУШЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Росгвардияның жедел әрекет ету жасағы дабыл түймесі басылғаннан кейін төрт минуттан соң оқиға орнына жеткен. Алайда сол сәтте жасөспірім қашып үлгерген, бірақ кейін ұсталған.

Оқушының жеке басы анықталды — ол 2008 жылы туған, басқа мектептің оқушысы. Бұрын бұл мектепте де оқыған. Алдын ала мәлімет бойынша, оның мұндай әрекетке баруына №54 мектепте оқитын қызбен қарым-қатынасы себеп болған. Бұған дейін ол психологтар мен полицияның назарында болмаған, — деді Хинштейн.

РЕСЕЙДІҢ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ НЕ ДЕЙДІ

Ресей ІІМ-нің ресми өкілі Ирина Волк өзінің Telegram-арнасында жасөспірімді ұстау сәтінің видеосын жариялады. Видеода оқушы мектепке қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін, ешкімге ренжімегенін айтады.

Shot басылымының мәліметінше, шабуыл жасаған жасөспірімнің есімі — Илья К., және шабуылдан бір күн бұрын ол №54 мектепте оқитын сүйіктісімен. Baza дерегінше, шабуыл алдында ол мектеп чатына «манифесті» мен «күн тәртібін» жіберген. Жоспарының алғашқы бөлігінде бұрынғы қызын ұрып кететіні.

Бұдан бөлек, шабуылдан бірнеше минут бұрын Илья әлеуметтік желілерінде «Слава Украине» деп жазба жариялаған. Baza және “Осторожно, новости” мәліметінше, бұл оқиға суицидтік «Көк кит» ойынына ұқсас интернет-ойынға қатысумен байланысты болуы мүмкін. Мектепке шабуыл жасау — ойынның тапсырмаларының бірі болуы мүмкін. «Осторожно, новости» дерегінше, осы онлайн-ойынның жетекшісі — Антон Мишашин есімді азамат.

Другие новости

Back to top button