Солтүстік Корея Ресейге жиыны 100 мың әскер жіберуді көздеп отырғаны хабарланды
Егер Пхеньян мен Мәскеу арасындағы альянс нығайтылса, Корея Халық Демократиялық Республикасы Ресейге Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін 100 мың әскери қызметшіні жіберуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Bloomberg мәліметінше, бұл 100 мың әскери қызметші бір уақытта емес, ротацияны ескере отырып, жалпы санды білдіреді.
Мұндай ақпараттық Украина тарапы да айтқан. Украинаның Оңтүстік Кореядағы елшісі Дмитрий Пономаренко “Голос Америки” басылымына берген сұхбатында КХДР 15 мың әскери қызметшісін Курск облысына жібеетінін және олар бірнеше ай сайын ауыстырылып отыратынын жеткізген.
Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігі мен президент кеңсесінің баспасөз хатшылары пікір беруден бас тартты.
Алдағы күндері Бразилияда G20 саммитінің бірнеше қатысушысы Ресейдегі солтүстіккореялық күштер мәселесін көтермек.
Германия канцлері Олаф Шольц бұл тақырыпты Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен сөйлескенде қозғауды жоспарлап отыр.
МӘСКЕУ МЕН ПХЕНЬЯН АРАСЫНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК
Бірнеше күн бұрын Солтүстік Корея мен Ресей стратегиялық серіктестік туралы келісімді ратификациялады. Ресей президенті Владимир Путиннің Пхеньянға сапары кезінде жасалған келісімде бір тарап қарулы шабуылға ұшыраған жағдайда екінші тарап “барлық қолда бар құралдарымен” әскери және басқа да көмек көрсетуі қарастырылған.
АЛАҢДАУШЫЛЫҚ
Соңғы аптада Оңтүстік Корея, АҚШ және Украина барлау қызметтері КНДР әскери қызметшілерінің Ресейге Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін жіберілгені туралы бірнеше рет хабарлады. Пхеньянның мұндай әрекеті БҰҰ-да алаңдаушылық туғызып, НАТО мен Еуропа Одағы тарапынан сынға ұшырады. Сеул, Вашингтон және Киевтің мәліметтері бойынша, солтүстіккорей күштерінің бір бөлігі Украинамен шекаралас Курск облысына жіберілген. Сол уақытта Украина президенті Владимир Зеленский солтүстіккореялық әскери қызметшілер бұл аймақта шығынға ұшырағаны туралы мәлімдеді. АҚШ-тың Украинаға Ресейдің ішкері аймағына соққы жасауға мүмкіндік беретін ATACMS зымырандарын беру туралы шешімі Пхеньянға Ресейге жіберілген солтүстіккореялық күштердің қаууіп алдында екенін білдіреді, деп жазады The New York Times газеті.