Социум
Демалыс күндері Қазақстандағы ауа райы қандай болады
Осы демалыста, яғни, 19-21 қазан аралығында Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді.
«Үш күн бойы Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр мен қар жауады. Тек республиканың шығысында ғана күн ашық болады. Жалпы, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай ойнайды», — деп хабарлады Қазгидромет.
Бұдан өзге, батыс пен солтүстік-батыстағы ауа температурасы 13 градусқа дейін, шығыс пен орталықта 18 градусқа дейін, ал, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 22 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.