Жетысуская область

Талдықорғанда ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті

Талдықорған қаласында көлігімен бірге өртеніп кеткен ер адамның мәйіті табылды. Болжам бойынша, әлдекімдер оны өлтіріп, артынан өрт қоюы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жетісу облысының полиция департаменті фактіні растады. Алайда, ер адам шынымен адам қолынан қаза тауып, артынан өртенген болуы мүмкін деген ақпарат әлі расталған жоқ.

«Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сай, өзге ақпарат жариялануға жатпайды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Другие новости

Back to top button