Социум

«Найзағай мен нөсер жауын»: Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет еліміз бойынша 8-10 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында тұрақсыз ауа райы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Синоптиктердің болжамынша, аптаның басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз сақталады. Кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына циклон әсер етеді. Салдарынан найзағай мен жаңбыр болады.  9-10 қазанда батыста нөсер жаңбыр болжануда.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендеуі болжанған. Ал қалған аумақта күрт өзгерістер жоқ.

Другие новости

Back to top button