Жамбылская область

Таразда мас адам қолына пышақ алып, тұрғындарды шошытқан (ВИДЕО)

Тараз қаласының полициясы түн ішінде далаға шығып, қолындағы пышағымен тұрғындарды шошытқан адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының полиция департаменті оқиғаның бейнежазбасын таратып, полиция қызметкерлерінің жұмысын көрсеткен.

«Боран-23» автоэкипажының полиция қызметкерлері Нұрболат Амангелді мен Ерлан Дикаев қолында суық қаруы бар мас ер адамды әңгімеге тартты. Артынша кәсіби әдіс-тәсілдер арқылы пышағын тартып алып, оны полиция бөліміне апарды», — деп жазады Жамбыл облысының полиция департаменті.

Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы мешітте қолына пышақ ұстаған адамды жиырмашақты полиция ұстай алмай, оған орындық лақтырған еді.

Другие новости

Back to top button