Нур-Султан
Астанадағы Майлин көшесінің бойынан 20 жастағы қыздың мәйіті табылды
Астанадағы Бейімбет Майлин көшесінің бойында 20 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты редакция қалалық полиция департаменті растады. Марқұмның денесін көшедегі адамдар көрген.
«Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция 20 жастағы бойжеткеннің кім екенін анықтады», — деп хабарлады полиция.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте қаладағы қаңырап бос тұрған ғимараттардың бірінен 14 жастағы оқушы қыздың мәйіті табылған болатын.