Атырауская область
Атырау тұрғындарына синоптиктер ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің мәліметінше, сейсенбі, 2 шілдеде атыраулықтар ластанған ауамен дем алуға мәжбүр болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылдың 2 шілдесінде Атырау қаласында түнде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі», — деп хабарлады синоптиктер.
Метеорологиялық жағдайлар Атырау атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.