Образование

Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар

Қазақстанда ерекше білімді қажет ететін баланың саны 200 мыңнан асады. Қазір еліміздегі мектептердің 86 пайызы инклюзивті білім беруге жағдай жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балаларды оқу-тәрбие процесінде сүйемелдеу үшін педагог-ассистент штаты еніп, қазір  олардың саны 2,5 мыңнан асқан.

«Оқу-ағарту министрлігі «Дара» қорымен бірлесіп 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Ерте қолдау» жобасын іске асырып жатыр. Бүгінде елімізде ерекше білім беруді қажет ететін 200 мыңнан астам бала бар. 500-ге жуық білім беру ұйымы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзету-білім беру қызметтерін көрсетіп келеді. Сондай-ақ 1051 мектепте инклюзивті білім беруді қолдау кабинеттері жұмыс жасайды», — дейді инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.

Другие новости

Back to top button