Карагандинская область
Қарағандыда алты айлық бала көкжөтелден шетінеп кетті
Қарағанды облысында алты айлық нәресте көкжөтел тиіп, қаза тапты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қарағанды облысында бір бала көкжөтелден шетінеді. Ол көкжөтелге қарсы вакцина алмаған. Бала алты айлық», — деді бүгін ол үкіметтегі брифингте.
Денсаулық сақтау министрі осы ақпаратты растай отырып балалар арасында қауіпті ауруларға қарсы вакцина уақытында салынбағандықтан, жұқпалы аурулар көбейіп кетті дейді.
«Халықтың жаппай дені сау болуы дегеніміз өте нәзік дүние екенін байқадыңыздар ғой. Соңғы бірнеше жыл ішінде балалар арасында вакцина алмаған балалар көбейіп кеткен соң жаппай ауру тарай бастады», — деді Әлназарова.