Павлодарская область

Екібастұзда дәнекерлеуші алты метр биіктіктен құлап кетті

Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр

Екібастұзда дәнекерлеуші алты метр биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 тамыз күні сағат 13.00-де акционерлік қоғамдардың бірінің аумағында кәсіпорынның 35 жастағы газ-электр дәнекерлеушісі жұмыс кезінде биіктігі 6 метр бақылау алаңынан құлап кеткен.

«Зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жатқызылды», — деді департаментте.

Облыстық Еңбек басқармасында аталған фактіге қатысты 1-МАЭС-те тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

Другие новости

Back to top button