Социум
Дубайды су басқандықтан, Астана мен Алматыға баратын рейстер кейінге шегерілді
Дубайды су басқандықтан, Қазақстанға баратын рейстер кейінге шегерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Air Astana» әуекомпаниясының баспасөз қызметі нөсер жаңбыр салдарынан Дубайдағы аэродромды су басып кеткендіктен, 16 сәуірдегі KC206 Дубай-Астана және KC898 Дубай-Алматы рейстері 17 сәуірге ауыстырылғанын ескертті.
Әуекомпания жолаушыларды қонақүйге жеткізу және тамақтандыру үшін барлық шараны қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Рейстерді сайттан қарап, тексеріп отыру ұсынылады.
Бұған дейін Дубайда қатты жаңбыр жауып, су басқаны хабарланды. Жолдарды су басып, метро тоқтап, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілді.