Карагандинская область
Қарағанды облысында аудан әкімдігі мерекелік безендіруге 1 млрд теңге жұмсамақ болған
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы жалпы сомасы 985 156 250 теңгені құрайтын, ауданды мерекелік безендіру бойынша үш жылдық конкурстың күшін жойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Прокуратура мәліметінше, оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздерінің толық тізбесі көзделген Бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларының бұзылуы негіз болған.
«Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті жеткізушілердің қатысуын шектеген. Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігінің конкурсының күші жойылып, конкурс 1 қаржы жылына жариялау талаптарына сәйкестендірілді», — делінген хабарламада.
Кәсіпкерлік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.