ГлавноеНедра Казахстана
Дизель отыны шетелдіктерге екі есе қымбат бағамен сатылады
Елімізде 22 тамыздан бастап дизельге енгізілген сараланған тариф күшіне енді, деп хабарлайды Atameken Business.
Энергетика министрлігі мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы бұйрыққа осыдан екі апта бұрын қол қойған. Себебі арзан жағармайды сыртқа тасымалдайтындар көбейіп, ішкі тапшылық туындай бастаған еді. Енді бүгіннен бастап шетелдіктерге дизель тек 450 теңгеге саудаланады. Ал қазақстандықтар үшін 230-260 теңге сақталады.
Дегенмен шектеу бар. Бір күнде 100 литрден көп жағармай алғыңыз келсе, қалғанын 450 теңгеге төлейтін боласыз. Сондықтан министрлік автожанармай құю станциясында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін қадағалайды.