Карагандинская область

Әкімдік Теміртау тұрғындарының сусыз қалу себебін түсіндірді

Қазіргі уақытта сегіз бригада мен он техника ақауды реттеп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Теміртау әкімдігінде сумен жабдықтау мәселелері туралы түсініктеме берілді.

«Диаметрі 300 мм магистральдық су құбырының қатып қалуына байланысты қаланың шығыс бөлігіндегі алты квартал үйлерге су гидравликалық төмен қысыммен беріледі.

Проблемалық учаске анықталды (шамамен 20 метр). Ол жерде 8 бригада, 10 техника жұмыс істейді. Мәселе қала әкімінің бақылауында», — деп хабарлады әкімдік.

Бұған дейін апат салдарынан №21 орта мектеп, №3 қалалық аурухана, балалар ауруханасы, №1 емхана және Әубәкіров гимназия ауыз судан қол үзгенін хабарлаған болатынбыз. Тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілмегендіктен наразылық білдіріп, дүкендерде су тез сатылатынын атап өтті.

Другие новости

Back to top button